Ozat қоры

Зерттеулер

Ozat қоры – білім мен тәрбие саласындағы зерттеулерге демеу болатын орта. Бізге маңыздысы – жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру жолындағы тың идеялар мен ғылыми ізденістер.

Бұл бөлімде қолдау қажет ететін зерттеу жобалары мен білім саласындағы өзекті тақырыптар ұсынылады. Педагогикалық әдістемелерден бастап, инновациялық оқыту тәсілдеріне дейінгі бастамаларға мүмкіндік ашылады.

Зерттеулерге қолдау – қоғамның дамуына қосылған үлес. Әрбір ғылыми ізденіс,  болашақ ұрпақтың сапалы білім алуына және тәрбиенің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашады.

Зерттеулер тізімі

TEACHER RESEARCH GRANT 2026

Мұғалімдерге білім беру саласына қатысты тақырыптарды зерттеу ұсынылады. Зерттеу бағыттарына мінез-құлық тәрбиесі, құндылыққа негізделген білім беру, оқыту мен оқу үдерісі, оқу бағдарламасын әзірлеу, инклюзия және білім беру саласындағы көшбасшылық сияқты тақырыптар кіруі мүмкін. Алайда өтініш берушілер осы тақырыптармен шектелмей, білім беру саласына қатысты өзге де өзекті бағыттарды ұсына алады1.