Ozat қоры

Біз туралы

Миссиямыз

Тың идеялар мен таланттарға жол ашып, білім мен ғылымды ілгерілету арқылы ұлттық құндылықтарға адал, ел болашағына атсалысатын, жаңашыл жастардың қалыптасуына мүкіндік жасау.

Ozat қоры туралы

«Ozat» таланттар мен жобаларды қолдау қоры - «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қорының жетекшілігімен құрылған қоғамдық ұйым. Қордың мақсаты - дарынды жастар мен жаңашыл ұстаздардың әлеуетін ашуға жағдай жасап, білім, ғылым және әлеуметтік саладағы маңызды бастамаларды қолдау.

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» ХҚҚ туралы

«БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық Қоғамдық Қоры – еліміздің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған үкіметтік емес, коммерциялық емес ұйым. Қордың басты миссиясы - сапалы білім мен құндылыққа негізделген тәрбие беру арқылы бәсекеге қабілетті, үйлесімді дамыған тұлға қалыптастыру. 33 жылдан астам тәжірибесі бар қор еліміздегі «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицейлерінің жұмысын үйлестіреді, инновациялық білім беру бағдарламаларын енгізеді және ұлттық әрі жалпыадамзаттық құндылықтарды насихаттауға басымдық береді.

Құндылықтарымыз

Адалдық пен ашықтық
Қамқорлық пен жауапкершілік
Ынтымақтастық пен даму