Ozat қоры

OZAT таланттар мен жобаларды қолдау қоры

Дарынды қолда – асқақ жолда.

Біз туралы

«Ozat» таланттар мен жобаларды қолдау қоры «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қорының жетекшілігімен құрылған қоғамдық ұйым. Қордың басты мақсаты – дарынды жастар мен жаңашыл ұстаздардың әлеуетін толық ашуға жағдай жасап, олардың идеялары мен еңбектерін қолдау, сондай-ақ білім, ғылым және әлеуметтік саладағы маңызды бастамаларды дамыту. «Ozat» қоры ұлттық құндылықтарға адал, жаңашыл әрі білімге құштар жас буынның қалыптасуына мүмкіндік беріп, елдің мәдениет, білім және ғылым саласындағы дамуына үлес қосуға бағытталған.

Озаттарды қолдау

Дарынды жастардың әлеуетін ашып, олардың білім, ғылым, өнер және спорттағы жетістіктерін шыңдауға демеу көрсетеміз. Озаттарға қолдау – болашақ кемеңгерлерді қалыптастырудың кепілі.

Жобаларды қолдау

Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, инновациялық ойды дамытатын әлеуметтік және білімдік жобаларды жүзеге асырамыз. Жобалар арқылы жастардың көкжиегін кеңейтіп, қоғамға серпін береміз.

Зерттеулерді қолдау

Білім мен тәрбие саласындағы өзекті тақырыптарға арналған ғылыми ізденістерге қолдау көрсетеміз. Әрбір зерттеу, қоғамның дамуына қосылған үлес.

Кәсіби дамуды қолдау

Ұстаздар мен ғалымдардың кәсіби өсуіне жағдай жасап, сапалы білімнің іргесін нығайтамыз. Бір маманның дамуы, тұтас ұрпақтың жетілуіне әсер етеді.

Мақсатымыз

 OZAT жобасын іске асыруымыздың басты себебі – ел болашағының негізі саналатын сапалы адами капитал құруға жол ашу. Әр талант – әлі толық ашылмаған мүмкіндіктердің көзі, болашақтың қозғаушы күші. Бұл жоба дарын иелеріне бағытталған шамшырақ іспетті. Өз кезегінде жоба сол таланттарға қолдау көрсетіп, олардың әлеуетін жүзеге асыруға мұрындық болады.

OZAT жобасы — идея мен мүмкіндік арасын жалғайтын, қоғам игілігіне айналдыруға жол ашатын, жасампаз ой иелерінің жарқырап шығуына мүмкіндік болатын алтын көпір.

Жарқын болашақ

қазақ тілі олимпиадасын қол

Олимпиада

Президенттің халықаралық олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі

Infomatrix

халықаралық жоба жарысы

Тың идеялар мен таланттарға жол ашып, білім мен ғылымды ілгерілету арқылы ұлттық құндылықтарға адал, ел болашағына атсалысатын, жаңашыл жастардың қалыптасуына мүкіндік жасау.