Ozat қоры – тек таланттарды қолдау ғана емес, олардың әлеуетінің ашылуына ықпал ететін алаң. Жобалар мен іс-шаралар арқылы оқушылар мен мұғалімдерге жаңа мүмкіндіктер ұсынамыз.
Пәндік олимпиадалар, ғылыми-зерттеу байқаулары
Ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, тіл мен мәдениеттің өркендеуіне ықпал ететін іс-шаралар мен жобалар
Жастардың жан-жақты дамуына жол ашатын жарыстар мен шығармашылық фестивальдер
Қоғамға пайдасын тигізетін инновациялық жобалар
Астанада өтетін халықаралық компьютерлік жобалар байқауы. Әлемнің жас IT-таланттарын бір алаңға тоғыстырады. Жеңімпаздар халықаралық гранттар мен оқу ақысын жеңілдету сертификаттарын ұтып алады. Сонымен қатар, жаңа кәсіби байланыстарға жол ашып, идеяларды нақты өнімге айналдыруға мүмкіндік береді.
Q Talks жобасы – бұл тәрбиенің маңызды аспектілерін талқылайтын, педагогтар арасында тәжірибе алмасуға арналған ерекше алаң. Жобада білім беру саласында жаңашыл форматта жүзеге асырылып, мектептерде тәжірибеден өткен тиімді әдістер мен бастамалар туралы айтылады. Спикерлер өздерінің жеке тәжірибелері, нақты өмірлік жағдайларымен бөлісіп, алған сабақтарын және кәсіби тәжірибесін ұсынады.
«Ана тілі» зияткерлік олимпиадасы – тілге, әдебиетке қызығушылығы бар дарынды оқушыларға өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады. Оларға болашақ маман ретінде қалыптасуға бағыт береді. Сонымен қатар, олимпиада қазақ тілі пәнінің тартымдылығын арттырып, оның мәртебесін көтеруді мақсат етеді.
«Жарқын болашақ» республикалық қазақ тілі олимпиадасының негізгі мақсаты – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау, оқушылардың шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін және мәдени дүниетанымын дамыту.
Олимпиаданың республикалық кезеңіне жыл сайын шамамен 1 000 мектеп пен 5 000-ға жуық оқушы қатысады. Жеңімпаздарға еліміздің жоғары оқу орындары тарапынан оқу гранттары мен арнайы марапаттар тағайындалады.
Қазақстанның әр аймағындағы мектептердің өзін-өзі басқару ұйымының президенттері қатысатын және жыл сайын ұйымдастырылатын құрылтай. Құрылтайдың мақсаты – жасөспірімдердің көшбасшылық дағдыларын күшейту, қоғамдық белсенділігін арттыру және жауапкершілігі жоғары жаңа буын тұлғаларын қалыптастыру. Құрылтай жастарға өз әлеуетін ашуға, командада жұмыс істеуге, жаңа бастамаларға шабыт алуға мүмкіндік береді.