Ozat қоры

Жарқын болашақ

«Жарқын болашақ» республикалық шығармашылық олимпиадасы

«Жарқын болашақ» – қазақ тілін толыққанды білім мен ғылымның тілі ретінде бекітетін және жыл сайын өткізілетін республикалық олимпиада. Елдің барлық өңірінен мыңдаған оқушы қатысып, финалда үздіктер айқындалады. Олардың елеулі бөлігі – өзге этнос өкілдері. Қатысушылар қазақ тілінде жазады, сөйлейді, пікірталасады, мәтінді визуал мен музыкаға айналдырады. Осылайша оқу сауаттылығы, жазу мәдениеті, сыни ойлау және көпшілік алдында сөз сөйлеу дағдылары күшейеді. Үздіктерге жетекші ЖОО-лардың гранттары ұсынылып, қазақ тіліндегі білім траекториясы нақты академиялық мүмкіндіктермен жалғасады.

Мақсаты

Олимпиаданы өткізудегі басты ұстаным – мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту; қазақ халқының мәдени, әдеби және рухани қазыналарын кеңінен насихаттау; оқушылардың шығармашылық және ізденушілік қабілеттерін, мәдени дүниетанымын дамыту.

Қамту ауқымы

Іріктеу кезеңіне жыл сайын ~7 000 оқушы қатысады. Көпұлтты құрам — 2000-нан астам этнос өкілдері — қазақ тілін ортақ мәдени кеңістік пен кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде меңгеріп келеді. Финалға 188 үздік үміткер өтеді.

Бағыттар

Олимпиада 5 бағыт бойынша өткізіледі:

  1. «Бейнелеушілер» – қазақ әдебиетіндегі шығармаларды комикс жанрында салу;

  2. «Білгірлер бәйгесі» – мақал-мәтел, жұмбақ, ертегілер бойынша сайыс;

  3. «Жас қаламгер» – жазбаша шығармашылық жұмыс;

  4. «Сөз шеберлері» – көпшілік алдында белгілі бір тақырыпта сөз сөйлеу;

  5. «Әнші-бұлбұлдар» – ән айту.

Қоғамдық әсер

«Жарқын болашақ» оқушының тілдік құзыретін сахнада сөйлеу, мәтін жазу, визуалға айналдыру, музыка арқылы жеткізу сияқты әртүрлі ортада шыңдайды. Тіл осылайша тек пән емес, болашақ мамандыққа, креатив индустрияларға, мұғалімдік және медиа салаларына апаратын нақты баспалдаққа айналады.

Жоба жыл сайын тұрақты түрде ұйымдастырылады. Мемлекеттік тілге құрмет пен шығармашылық бәсекені бір арнаға тоғыстырған бұл олимпиада оқушылардың мәдени талғамын, зерттеушілігін және азаматтық жауапкершілігін қалыптастырады.

Нәтижелер және мүмкіндіктер

2025 жылғы олимпиадаға қатысқан отыз алты 11-сынып оқушысының барлығына еліміздің жетекші жоғары оқу орындары білім гранттарын ұсынды. Олар:
• Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университеті
• Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті
• Шәкәрім университеті, Семей қаласы
• С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
• С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті
• Мақсұт Нәрікбаев университеті, Астана қаласы
• А. Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті
• Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
• Narxoz университеті, Алматы қаласы
• SDU University, Алматы қаласы

Ұйымдастыру және серіктестік

Жоба Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен, «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» Халықаралық қоғамдық қоры, «Дарын» РҒПО және Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының үйлестіруімен жүзеге асады. Серіктестер қатарында Altyn Qyran Foundation, Jakko, Almatherm, сондай-ақ «Аватария» компаниясы бар.

Сарапшылар алқасы

Әділ-қазылар алқасына өнер, филология, журналистика салаларының танымал мамандары тартылады. Мысалы 2025 жылғы олимпиада әділқазылары: Майра Ілиясова, Бағдат Сәмединова, Ұлықпан Жолдасов, жазушы Нұрғали Ораз, журналист Мөлдір Доспаева және өзге де мамандар болды. Бұл құрам бағалаудың әділдігін, талаптың айқындығын, кері байланыстың құндылығын күшейтеді.

Gallery Item one
Gallery Item two
Gallery Item three