Кішкентай кезімнен бастап, АҚШ-та білім алу менің арманым болатын. Карантин кезінде түрлі онлайн курстарға қатысып, білім алу процесін түсіне бастадым. Жобалармен жұмыс істей отырып, жаңа дағдыларды меңгердім. Бір жарыстан келесі бағдарламаларға қатысу, жаңа ортаға бейімделіп, түрлі жаңа нәрселерді үйрену менің оқуға деген мотивациямды арттырды. Әрбір жаңа мүмкіндік мен үшін үлкен тәжірибе мен даму болды.