Ozat қоры

Mеруерт Наурызбаева

Өмірімді өзгертетін мүмкіндік: RSI бағдарламасындағы саяхатым

Research Science Institute (RSI) бағдарламасына қатысу мен үшін білімімді кеңейтіп, жаңа дағдыларды меңгеріп, әртүрлі елдерден келген достар тауып, өмір бойы ұмытылмас тәжірибе алуға мүмкіндік берді. Бұл жаз мен үшін ең қызықты, пайдалы және ұмытылмас кезең болды!

MIT кампусындағы ғылыми зерттеу

Бір ай бойы мен MIT химиялық инженерия департаментінде “Data-driven Optimization of eGFP Production-Purification: Toward Efficient Biomanufacturing” атты жобада жұмыс істедім. Осы жобаның жетекшісі – профессор Jean-François P. Hamel маған әрдайым үлкен қолдау көрсетіп отырды. Оның жетекшілігімен мен көптеген жаңа нәрселерді үйрендім.

Қиындықтарды еңсеру және нәтиже жету

Алты апта бойы біз әртүрлі қиындықтарды еңсеріп, түрлі идеялар арасында компромисс табуды, жаңа және тексерілмеген эксперименттерді жүргізуді үйрендім. Лабораторияда 10-ға жуық адаммен бірлесе жұмыс істеп, олардың жобаларымен танысып, өз идеяларымызды бөлісу өте қызық болды.

Профессорымның айтуынша, біздің лабораториядағы eGFP ақуызы өндірісінің тиімділігі төмен болған. Бірақ мен сол процесті жетілдіріп, өнімділікті үш есеге арттырдым, яғни 13%-дан 39%-ға дейін! Бұл мен үшін таңғаларлық нәтиже болды және өзіме деген сенімділікті арттырды.

Әлемнің түрлі елдерінен келген достар

Ғылыми зерттеуден бөлек, әлемнің әртүрлі елдерінен келген балалармен танысып, достасып, Бостон қаласында қызықты сәттер өткіздік. Бұл тек білім алу ғана емес, сонымен бірге мәдениет алмасу және өмірлік тәжірибе болды.

Мүмкіндік үшін алғысым шексіз

Осындай күшті бағдарламаға қатысуға мүмкіндік берген BILIM-INNOVATION және MERKE қорларына зор алғысымды білдіремін. RSI бағдарламасы менің біліміме жаңа көкжиектер ашты және өмірлік көзқарасымды өзгертті. Бұл тәжірибе шын мәнінде өмірді өзгертуге қабілетті екеніне көзімді жеткізді.

Қолдауыңыз үшін рахмет!

Маған қолдау көрсетіп, сенім білдірген жандарға ерекше ризашылығымды білдіремін. Бұл тәжірибе менің болашағым үшін маңызды қадам болды және мен өз мақсаттарыма жетуге бар күшіммен ұмтылатынымды айтамын.

Меруерт Наурызбаева

10 сынып оқушысы
BIL IT мектебі, Бурабай