Ozat қоры

Серіктестер

Неге бізбен серіктес болу керек?

«Ozat» қорымен серіктестік – тек қолдау емес, болашаққа инвестиция. Бізбен бірге болған серіктестер өздерінің қоғам алдындағы жауапкершілігін танытып қана қоймай, жаңа буын лидерлерінің қалыптасуына үлес қосады. Бұл – имидж бен беделді арттыру, бәсекелестерден даралану, сондай-ақ өз қызметкерлеріне қоғамға пайда әкелу арқылы мотивация сыйлау мүмкіндігі. Бізбен бірлесе отырып, серіктестер байланыс пен нетворкинг желісін кеңейтеді, медиа және PR мүмкіндіктерін пайдаланады, ал халықаралық бағыттағы жобалар арқылы жаһандық деңгейге шығуға жол ашады. Ең бастысы – сенім мен ашықтыққа негізделген серіктестік ұзақ мерзімді қауіпсіз әріптестікке кепіл болады

Біздің серіктестер кімдер?

«Ozat» қоры қоғамдағы түрлі саланың өкілдерімен бірлесе жұмыс істейді. Біздің серіктестер қатарында жастарға инвестиция салуға дайын жеке компаниялар, қоғам алдындағы әлеуметтік жауапкершілігін бірінші орынға қоятын мемлекеттік құрылымдар, сондай-ақ қоғамға пайдасын тигізуді өзіне парыз санаған жеке тұлғалар бар. Бізбен бірге ғылыми зерттеу орталықтары мен университеттер өз жобаларын іске асырып, жаңа буын зерттеушілерге мүмкіндік береді. Мектептер мен жоғары оқу орындары арқылы дарынды жастардың әлеуеті ашылады. Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларды дамытуға ниетті қоғамдық ұйымдар мен қорлар бізбен серіктестік орнатып, бірлесе бастамаларды жүзеге асырады. Осылайша, біздің серіктестер – елдің дамуына үлес қосуды көздеген әртүрлі саланың көшбасшылары мен жанашыр тұлғалар.

Қалай серіктес бола аласыз

Әр серіктес өзінің мүмкіндігіне сай үлес қоса алады: шәкіртақы мен грант бөлу, жас таланттарға кәсіби бағыт-бағдар беру, ортақ зеттеулер жүргізу, ортақ білімдік жобаларға атсалысу немесе қоғамға пайдалы әлеуметтік бастамаларды бірге жүзеге асыру. Ең кішкентай қолдау да үлкен өзгеріске жол ашады.

Банк мәлімметтеріміз

Международный общественный фонд «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ»
Адрес: г. Астана, район Алматы, пр. Р. Қошкарбаева, здание 11/2
БИН: 161240013032
ИИК: KZ43601A871056718081
Банк: АО «Народный Банк Казахстана»
БИК: HSBKKZKX
КБе: 18
e-mail: info@bil.edu.kz

Серіктестер